Сайт бойынша пайдалы ақпарат
 
Облыстар бойынша пайдалы ақпарат
Облысты таңдаңыз: 
 
2010 ж. қыркүйек айындағы Облыс орталықтарындағы тарифтер 
ҚАЛАЛАР ЖЫЛУАҚЫ
кв.м
ЫСТЫҚ СУ
(м3)
СУЫҚ СУ
(м3)
ГАЗ
(м3)
Астана 66,56 114,86/
91,85
25,30 297,73
Алматы 50.58/
101.16
250.32 21,81
Ақтау 42,41 129,02 176,08 6,66
Атырау 74,4 138,12 22,56 4,21
Ақтөбе 62,34 118,16 24,73 2,96
Қарағанды 67,04 242,25 49,90/
54,43
12,16 
Қостанай 103,52 200,81 34,61 16,24
Қызылорда 56,20   27,70 3,21
Көкшетау 91 160,72 94,42
Орал 80,14 138,8 17,95 8,41
Өскемен 42,8 154,15/
381,53
17,49/
132,92

Павлодар 46,61/
47,18
82,19/
98,66
83,18/
99,85
19,23
Петропавл 72,56 120,94 25,76 328,107
Тараз 62,29 144,52 23,52 8,09
Талдықорған 31,25 141,8 31/
62.22/
94

Шымкент 86,63 173,45 40.91/
61.80
/100.46
16,90

    *Электр энергиясының тарифін қарау үшін тиісті қаланың атына басыңыз  

 
Мұрағат
 
ЖкДсСсСрБсЖмСн
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
 
 
Қандай мақсатпен біздің сайтқа кірдіңіз?
жаңалықтар білуге
кәсіптік қызығушылықпен
мен қызметтерді тұтынушымын
 
Жазылу


 
Жаңалықтар
20.07.2010 ТМРА- Ақмола облысы. Департамент «Жылусервис» ШЖҚ КМК-ның 2010-2012 жылдарға арналған шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын төмендетуімен бекітті.

Департамент Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы «Жылусервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның 2010-2012 жылдарға арналған шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын жылу энергияны өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтері бойынша субъект жобасынан: 2010 жылға 19,46 %, 2011 жылға 19,65 %, 2012 жылға 19,48 % төмендеуімен бекітті.

 
20.07.2010 ТМРА - Қарағанды облысы. Департамент жария тыңдауға шақырады.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті 2010 жылғы 6 тамызда сағат 15.00-де Балхаш қ. «Синема Таун» кинотеатр ғимараты  мекен-жайы бойынша, Мемлекеттік тіркелімнің жергелікті бөліміне енгізілген «Су Жылу Транс» КММ-нің 2010 жылға жылу энергиясын беру, бөлу және жылу энергиясымен жабдықтау қызметтері бойынша тарифтер және тарифтік сметаларлы бекітуге ұсынылған өтінімі жөнінде жария тыңдау өткізеді.

 
20.07.2010 ТМРА – Қарағанды облысы. Департамент «Арселор Миттал Теміртау» АҚ МСБ «Жартас» шипажайына персоналының нормативтік саныy бекітті.

Табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту туралы ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Арселор Миттал Теміртау» АҚ МСБ «Жартас» шипажайына жылу қуатын өндіру, беру, бөлу және онымен жабжықтау, сарқынды суды бұру қызметтеріне персоналының нормативтік саны – 32 адамға бекітті. Аумақтық тұтыну кооперативінің жобасы 38 адам болған.

 
20.07.2010 ТМРА – Қарағанды облысы. Департамент «Теміржолжылу Қарағанды» ЖШС-не 2010 жылға нормативтік техникалық ысыраптары төмендетіліп бекітілді.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Теміржолжылу Қарағанды» ЖШС-не жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметіне 2010 жылға техникалық ысыраптарын субъект ұсынған 11,96% жобасына қарсы 10,4% мөлшерінде, 1,5%-ға төмендетумен бекітті.

 
20.07.2010 ТМРА - Павлодар облысы. Департамент ТМС-нің реттелетін қызметтеріне уақытша өтемдіқ тарифтер бекітті.

«Казэнергосеть-ПВ» ЖШС-нің, «Майкаинзолото» АҚ-ның,  «Богатырь Көмір» ЖШС-нің реттелетін қызметтеріне бекітілген тарифтік сметалардың орындалуына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша қолданыстағы тарифтік сметаны орындамау нәтижесінде тұтынушыларға келтірілген залалдарды өтеу мақсатында Департамент 2010 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізумен «Казэнергосеть-ПВ» ЖШС-нің электр энергиясын беру және бөлу қызметтеріне уақытша өтемдік тарифтер бекітті: Солтүстік учаске бойынша - 0,712 теңге/кВтс. мөлшерінде (ҚҚС-сыз), төмендеуі 0,023 теңге/кВтс. немесе 3%, Оңтүстік учаске бойынша - 0,755 теңге/кВтс., төмендеуі 0,025 теңге/кВтс. немесе 3%, «Майкаинзолото» АҚ-ның  жылу энергиясын өндіру және онымен жабдықтау қызметтеріне 1212,85 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз), төмендеуі 15,06 теңге/Гкал немесе 1,2% құрады, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің кірме жолдар ұсыну қызметтеріне 6,66 теңге/кмвагон (ҚҚС-сыз), төмендеуі 0,91 теңге/кмвагонды немесе 12% құрады.     

 
20.07.2010 ТМРА- БҚО Департамент тыңдауға шақырады.

  Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, 2010 жылғы 30 шілдеде сағ. 16.00-де Орал қаласы әкімшілігінің ғимаратында, мына мекенжайы бойынша Достық даңғылы 182/1, 63-бөлмеде табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімнің жергілікті бөліміне енгізілген «Шыңғырлаукомтехсервис» МКК-ның 2010 жылға арналған жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметі бойынша нормативтік техникалық ысыраптарын бекітуге ұсынған өтінімін қарау бойынша тыңдау өткізеді.   

 
20.07.2010 ТМРА – БҚО. Департамент «Ақ жол» Халықаралық әуежайы» АҚ-не лицензия беруден бас тартты

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР «Лицензиялау туралы» Заңының 42-бабының 4-тармағындағы талаптардың орындалмауына байланысты (қызмет түрін орындау үшін өндірістік және техникалық мүмкіндіктерінің сәйкестігі жөнінде жағымсыз қорытынды) «Ақ жол» Халықаралық әуежайы» АҚ-на «мұнай өнімдерін сақтау объектілерін пайдалану» қызмет түрімен айналысуға лицензия беруден бас тартты.   

 
20.07.2010 ТМРА – БҚО. Департамент «Сырым» МКК персоналының нормативтік санын бекітті.

Табиғи монополиялар субъектілерінің персонал санының нормативтерін бекіту туралы Ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, табиғи монополия субъектісі «Сырым» МКК-ның  суды  таратушы желілер арқылы беру қызметі  бойынша персоналының нормативтік санын субъектімен ұсынылған жобадағы 56,63 адамнан 15 адамға немесе 26,5% төмендетіп, яғни барлығы – 41,58  адамға бекітті.        

 
20.07.2010 ТМРА - Қарағанды облысы. Департамент жария тыңдауға шақырады.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік тіркелімнің жергілікті бөліміне енгізілген «Абай жылу жүйесі» ЖШС-нің жылу энергиясын беру, тарату және онымен жабдықтау қызметі бойынша 2010 жылға арналған нормативтік техникалық ысыраптарын бекітуге берген өтінімін қарау жөніндегі жария тыңдауын 2010 жылғы 27 шілдеде сағат 11.30-де Қарағанды облысы, Абай қаласы әкімдігінде, Жеңіс даңғылы, 3 үй, 2 қабат мекен-жай бойынша өткізеді.  

 
20.07.2010 ТМРА - Қарағанды облысы. Департамент «Окжетпес» ЖШС-нің өтінімін қарауға қабылдаудан бас тартты.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Темиртау қ. «Окжетпес» ЖШС-нің 2010 жылға жылу энергиясын беру және бөлу, жылу энергиясымен жабдықтау, электр энергиясын беру және (немесе) бөлу және суды таратушы желiлер арқылы беру қызметтерге тарифтер және тарифтік сметаларлы бекітуге ұсынылған өтінімін 2010 жылғы 8 шілдедегі №3479/2 хабарламасымен қарауға қабылдаудан бас тартты.      

 


poslanie

za_poslanie

za_poslanie

Сайт бойынша навигация